Қазақстан Ресейде білім алу бойынша көш бастап тұр

609

Қазақстан Ресейде білім алу бойынша көш бастап тұр

2017-2018 оқу жылында Ресей ЖОО-ға оқуға тапсыруға өтінім берген қазақстандық абитуриенттер саны 3 мыңнан асты. Өткен жылмен салыстырғанда, көрші елдің білім ордасына түсуге ниет еткендер саны екі есе артып отыр, деп хабарлайды LS.

ТМД істері бойынша федералдық агенттіктің мәліметінше, 2016 жылы оқуға түсушілер саны 1610 болған.

Қазіргі уақытта, Ресейде казақстандық абитуриенттерге қосымша квота бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

РФ білім министрлігі әлеуметтік зерттеу орталығының директорының орынбасары Александр Арефьевтің айтуынша, Қазақстан ТМД арасында Ресейде білім алу бойынша көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу