Қазақстан Ресейден Амур жолбарыстарын әкелуге дайын

331

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге мемлекеттік сапары кезінде жануарларды әкелу және бейімдеу жоспарына қол қойылды.  

Қазақстан Ресейден Амур жолбарыстарын әкелуге дайын Фото: pioneerhunt.ru

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл келісім Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қол қойған үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттардың қатарында, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжат жолбарыстарды тасымалдауға дайындауды және оларды Қазақстан аумағында бастапқы бейімдеуді көздейді. Экологтар бұл сирек кездесетін түрлерді сақтау және жабайы табиғатты қорғау үшін маңызды қадам екенін атап өтті.

"Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігі арасында Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан Амур жолбарыстарын әкелуге дайындық және әкелінген жануарларды бастапқы бейімдеу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды", – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін 2026 жылдың бірінші жартысында Қазақстанға Ресейден 3-4 амур жолбарысы келетіні белгілі болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу