"Жазғы демалыс кезеңін және АИ-95-ке сұраныстың артуын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасындағы индикативтік жоспар шеңберінде ірі жанар-жағармай құю стансалары - "PetroRetail", "Sinooil", "Helios" және "Газпромнефть" АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтап жатыр", - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта елдегі жанар-жағармайдың (мұнай базаларында, МӨЗ жолдарында және резервуарларында) жиынтық қоры:
- автобензин АИ-92 – 357 мың тонна. Бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті;
- АИ-95 – 50 мың тонна (15 тәулік);
- дизель отыны – 518 мың тонна (28 тәулік).
"Бұдан басқа облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жанар-жағармай жөніндегі өңірлік комиссияларының Бәсекелестікті қорғау және дамыту және қаржы мониторингі агенттіктерінің, мемлекеттік кірістер және Табиғи монополияларды реттеу комитеттерінің өкілдерімен бірлесіп, мұнай базаларында ЖЖМ қорларын өткізу мен мониторингілеуде ЖЖМ шектеулеріне, ЖЖМ бағаларының негізсіз өсуі мен тасымалдануына жол бермеу жөніндегі қызметі жалғасуда", - делінген министрлік хабарламасында.