Қазақстан Ресейден дизель отынын тасымалдауды азайтпақ

806

Қазақстан Ресейден дизель отынын тасымалдауды азайтпақ

Қазақстан Ресейден дизель отынын тасымалдауды азайтады. Бұл туралы "Қазмұнайгаз" компаниясының мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесов мәлімдеді, деп хабарлайды almaty.tv.

Сондай-ақ, бұндай қадамға қаржы үнемдеу мәселесі де себеп болды дейді компания өкілдері.

"Біз Ресейден дизель отынын сатып алуды азайтамыз. Өйткені, біздің Павлодар зауыты дизельдік режимге көшті. Оның үстіне, қазір тасымалдаудың өзі қыруар қаржыны талап етеді. Бұл жағдай тек бізге қатысты емес, сондай-ақ ресейден алатын көршілес елдердің де мәселесі осылай", - деді "Қазмұнайгаз" компаниясының мұнайды тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг бойынша вице-президентінің міндетін атқарушы Данияр Тиесов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу