Қазақстан Ресейден электр энергиясын қымбатқа сатып алып отыр

903

Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында депутат Дүйсенбай Тұрғанов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан Ресейден электр энергиясын қымбатқа сатып алып отыр

Оның сөзінше, электр энергиясының жетіспеушілігі мәселесін дәл осылай шешу тиімді тәсіл емес. 

"Электр энергиясы нарығындағы жағдайдың нашарлап кеткені байқалуда. Салдарынан оңтүстік өңірлердің тұтынушыларына электр энергиясын тұтынуға шектеу енгізілді", – деді депутат үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға жолдаған сауалында.

Дүйсенбай Тұрғановтың айтуынша, 2020 жылдан бастап ел аумағында цифрлы майнинг заңдастырылды. 2022 жылғы қаңтардан бастап өз қызметін заңды түрде жүзеге асыратын майнерлер мемлекеттік қазынаға салық төлейді. Алайда ел арасында мемлекеттік органдар бұл мәселемен тиісінше айналыспайды деген пікір қалыптасқан. 

"Себебі атқарылып жатқан шаралар мен олардың нәтижесі көрінбейді. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысы дұрыс үйлестірілмеген. Жосықсыз майнерлерді анықтау және олардың заңсыз қызметінің жолын кесу жұмысын жандандыру қажет. Бұл қадам электр энергиясын заңсыз тұтынудың жолын кесіп, тұтынушылардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді", – деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу