Қазақстан Ресейден қандай тауарларды сатып алады?

332

Ұлттық статистика бюросы қаңтар-тамыз айларында Ресейден 11,2 миллиард доллардың тауарлары әкелінгенін мәлімдеді.

Қазақстан Ресейден қандай тауарларды сатып алады? Фото: mir24.tv

2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды өсім 2,1% немесе 231,9 миллион долларға тең, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DataHub арнасына сілтеме жасап.

Ресейден импортталған тауарлардың 85%-ы алты тауарлық топқа тиесілі:

  • Металдар және одан жасалған бұйымдар – 2,2 миллиард доллар (+3,6% жылдық өсім); 
  • Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар – 2,1 миллиард доллар (-0,8%); 
  • Химия және оған байланысты өнеркәсіп өнімдері – 1,9 миллиард доллар (+6,8%);
  • Дайын азық-түлік өнімдері – 1,3 миллиард доллар (+3,3%); 
  • Отын-энергетикалық тауарлар – 1,1 миллиард доллар (+3,8%); 
  • Жануарлар мен өсімдік тектес өнімдер – 0,9 миллиард доллар (+8,6%).

Айта кетейік, Ресей Қазақстанның импортындағы ең үлкен үлеске ие – 29,4%. Одан кейінгі ірі шетелдік жеткізуші – Қытай, оның үлесі 4,5%-ға аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу