Қазақстан Ресейдің ұсынысынан бас тартты

835

Қазақстан Ресейдің ұсынысынан бас тартты

Қазақстан 2018-2019 жылдары Ресейден қант шикізатын алудан бас тартты. Бұл туралы Еуразиялық қант ассоциациясының атқарушы директоры Андрей Бодин айтты, деп хабаралайды LS.
Оның айтуынша, Ресейдің ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан үкіметіне үшінші елдерден қант шикізатын импорттауды тоқтатып, Ресейден қант алуды ұсынған.

"Өткен аптада Белорусьтің қант шығаратын "Белгоспищепром" ірі концерні құрақ қантын импорттауды шектеп, 2018-2019 жылдары ресейлік қант қызылшасын  алуды қарастырып көрмек болған. Қазақстан ұсыныстан бас тартты", - дейді маман.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның кондитерлер қауымдастығы үкімет басшысынан Ресейдің шектеу туралы ұсынысын қабылдамауды сұраған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу