Қазақстан Ресейден өзге мемлекеттерге мұнай экспортын арттырды

1410

 Бұл ақпарат reuters.com сайтында жарияланды. 

Қазақстан Ресейден өзге мемлекеттерге мұнай экспортын арттырды Фото: google

Жыл басталғалы Қазақстан Ресейді айналып өтіп, мұнай экспортын арттырды. Қазақ мұнайы Каспий теңізі арқылы Кавказға аз экспортталады. Десе де, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстан кейін көрсеткіш  күрт өскен. Сондай-ақ, Ақтау портынан Бакуге өткен жылдың сәйкес кезеңінде 29 мың тоннаға жуық шикізат жөнелтілсе, биыл үш айда бұл көрсеткіш алты есеге өсіп,  163 мың тоннадан асып жығылған.

Басылымға  "Қазтеңізкөлікфлоты" мемлекеттік көлік компаниясы қаңтар мен наурыз аралығында Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры арқылы қосымша 104 мың тонна мұнай тасымалданғанын айтыпты. Сондай-ақ Қазақстан Қытайға айына 80 000 тоннадан астам мұнай жеткізеді. Ал өткен жылы біздің ел солтүстіктегі көршімізден өзге елдерге 1.8 млн тонна шикі мұнай сатыпты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 638 000 тоннаға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу