Қазақстан Ресейден жеңілген соң төртінші орынға түсті

552

Бельгия құрамасы алты ұпаймен жеке дара көш бастап келеді. Кипр, Ресей, Қазақстан мен Шотландия құрамаларында үш ұпайдан бар.

Қазақстан Ресейден жеңілген соң төртінші орынға түсті

Ресейден 0:4 есебімен жеңілген Қазақстан құрамасы І тобында төртінші орынға түсіп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бельгия құрамасы алты ұпаймен жеке дара көш бастап келеді. Кипр, Ресей, Қазақстан мен Шотландия құрамаларында үш ұпайдан бар.

Кипрліктер гол айырмашылығының (5:2) арқасында екінші орында тұр. Бес гол соғып, үш гол жіберген Ресей үздік үштікті түйіндеді. Екі турдан соң 3:4 көрсеткішімен Қазақстан футболшылары төртінші орынға жайғасты. Шотландиялықтар болса, 3:4 айырмашылығымен бесінші орында келеді.

Ал топтың соңғы орнында Сан-Марино құрамасы тұр, бұл команда әзірше ұпай еншілеген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу