Қазақстан мен Ресейдің 3 млрд долларды құрайтын 9 ірі жобасы іске асырылуда

455

Премьер-Министр Әлихан Смайылов XII "ИННОПРОМ" халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің экспозициясымен танысып, ашылуына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ведомствоның Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресейдің 3 млрд долларды құрайтын 9 ірі жобасы іске асырылуда

"Өнеркәсіптік ауысу: сын-қатерлерден жаңа мүмкіндіктерге" тақырыбындағы көрме Екатеринбург қаласында 4-7 шілде аралығында өтеді.

ҚР Үкіметінің басшысы Қазақстаннан келген делегаттар үшін осы алаңда кездесіп, өнеркәсіпті дамыту перспективаларын талқылау, сындарлы ұсыныстар мен пікір алмасу, көптеген мәселелер бойынша өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізу игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

"Елдеріміз арасындағы өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқынын ерекше атап өткім келеді. Бұған Қазақстан мен Ресей өндірістік кооперациясы саласындағы Бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру айтарлықтай серпін берді", – деді Әлихан Смайылов.

Осылайша, жеңіл автомобильдер, электровоздар мен тракторлар өндірісін қоса алғанда, $450 млн-ға жуық сомаға 13 ірі жоба бірлесіп іске асырылды. Жалпы құны $3 млрд болатын тағы 9 ірі бірлескен жоба іске асырылу сатысында.

Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей ғылыми-техникалық, инновациялық және өндірістік салалардағы кооперацияға бағытталған жаңартылған технологиялық базаны құру бойынша өзара іс-қимыл жасай бастағанын еске салды.

Үкімет басшысының айтуынша, бұл үшін Қазақстанда өнеркәсіптің өсуін ынталандыру бойынша қажетті құқықтық және институционалдық негіз, оның ішінде шикізаттың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету тетігі мен ұзақ мерзімді шарттардың құралы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу