Энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов Қазақстан Ресейдің бензині мен дизель отынына тәуелді болып отырғанын айтты, деп хабарлайды abctv.kz.
"Атырау зауыты тамыз айынан 18 қыркүйекке дейін, Павлодар зауыты 20 қыркүйектен 25 қазанға дейін жөндеу жұмыстары үшін жабылады. Біз осы аралықта өндірілмейтін жанар-жағармайды Ресейден импорттаймыз", – деді департамент директоры.
"Жанар-жағармай құнының қымбаттауы маусымдық сипатқа және отандық мұнай өңдеу зауыттарының уақытша жабылуына байланысты болып тұр. Қазан айының соңына қарай жағдай түзеледі, баға тұрақталады деп ойлаймыз", – деді Қуаныш Құдайбергенов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу