Қазақстан Ресейдің газды тек рубльмен сатып алу туралы ұсынысынан бас тартты

Энергетика министрінің айтуынша, еліміз келісімге қатысушылар валютаны өздері таңдауы керек деген ұсынымды қолдайды. 

Қазақстан Ресейдің газды тек рубльмен сатып алу туралы ұсынысынан бас тартты

Орталық коммуникациялар алаңында Энергетика министрі Болат Ақшолақов ЕАЭО-дағы ортақ газ нарығы туралы келіссөздерге тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

 "Ешқандай құжатқа қол қойылған жоқ, келіссөздер жүріп жатыр, кеше ғана осындай талқы болды. Ресей тарапының ұсыныстарының бірі барлық есеп айырысуды рубльмен жүргізу болды. Біздің ұстанымымыз бойынша валютаны келісімге мүше тараптардың өздері таңдауы керек", – деді спикер.

Энергетика министрі валютаны таңдау екіжақты келісімдердің коммерциялық шарты болуы керектігіне назар аударды.

"Газды сатып алушы кез келген валютаны таңдай алады және негізінен ешқандай шектеулер болмакы тиіс, ол кез келген ұлттық валюта, соның ішінде ресей рублі мен біздің теңге болуы мүмкін", – деп түйіндеді сөзін Болат Ақшолақов.

Еске сала кетсек, ЕАЭО елдерінде ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы келісім бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Жуырда Ресей ортақ валюта бойынша ұсыныс жасады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу