Қазақстан Ресейдің шұжығын жеп отыр

770

Шұжық өнімдерінің импорты 33,3 мың тоннаны құрап отыр.  

Қазақстан Ресейдің шұжығын жеп отыр

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың сөзінше, біздің елге шұжық өнімдерінің басым бөлігі Ресейден келеді. 

"Шұжық өнімдерінің импорты 33,3 мың тоннаны құрайды. Оның 85%-ы көрші Ресейден әкелінеді", – деді Сапархан Омаров үкімет отырысында. 

Министрдің мәлімдеуінше, ішкі нарықты шұжық өнімдерімен толықтыру үшін ет өңдеуші кәсіпорындар мен фермерлерді ынталандыру шаралары қолға алынады. 

"Қуаты 103 мың тоннаны құрайтын ет өңдеуші кәсіпорын салу бойынша 9 жоба іске асырылып жатыр. Олар ішкі нарықты шұжық өнімдерімен қамтамасыз ету міндеті жүктелген", – деді Сапархан Омаров. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу