Қазақстан қант импортына шектеу қою туралы Ресейдің ұсынысынан бас тартты. Бұл туралы Еуразиялық қант қауымдастығының атқарушы директоры Андрей Бодин мәлімдеді.
Теріскейдегі көршіміз Қазақстан мен Беларуське 2018-2019 жылға қант қызылшасын тек өздерінен ғанан алып, үшінші елдерден импорттауға шектеу қою туралы ұсыныс жасаған. Алайда Қазақстан мұны қабыл алмады.
Естеріңізге сала кетейік бұған дейін қазақстандық сусындар мен кондитерлік өнім өндірушілер премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан көмек сұрап, сырттан келетін шикізатқа шектеу қоймауды сұраған. Себебі кондитерлік өнімдердің бағасы 30 пайызға қымбаттап кетуі мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу