Қазақстан Ресейдің Забайкалье өңірінен мал жеткізуге шектеу қойды

1537

Қазіргі уақытта Забайкалье өңірінің Краснокаменск ауданына ірі қара малдың аусыл ауру бойынша карантин енгізілген. 

Қазақстан Ресейдің Забайкалье өңірінен мал жеткізуге шектеу қойды

Қазақстан аусыл ауруы себебінен Ресейдің Забайкалье өңірінен мал мен мал өнімдерін жеткізу мен транзиттеуге шектеу қойды. Бұл туралы Иркутс және Бурятия республикасы бойынша Россельхознадзор басқармасы хабарлады. 

Аусыл ауруына шалдығуға бейім мал, қой, шошқа, сиыр еті, сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ оларды ұстауға, сою мен өңдеуге қолданылған жабдықтар, малдарға арналған жем мен жем қоспаларына шекутеу қойылған. 

Қазіргі уақытта Забайкалье өңірінің Краснокаменск ауданына ірі қара малдың аусыл ауру бойынша карантин режимі енгізілген. 
 Карантин, тыйым салу, шектеу, Россельхознадзор

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу