Қазақстан Ресейге Еділ суын бірлесіп реттеу туралы ұсыныс жасамақ

141

Қазақстанның бұл бастамасы Каспий экожүйесін сақтау мен өңірдегі су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болуы мүмкін. 

Қазақстан Ресейге Еділ суын бірлесіп реттеу туралы ұсыныс жасамақ Фото: : Орталық коммуникациялар қызметі

Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші орынбасары Болат Бекнияз Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Ресейге Каспий теңізін қорғау жөнінде жаңа бастама ұсынбақ екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

- Өкінішке қарай, Еділ өзені ресми түрде трансшекаралық өзен мәртебесіне ие емес. Қазіргі таңда бізде Ресеймен Жайық және өзге де өзендер бойынша келісімдер мен бірлескен жұмыс топтары бар. Ал Еділ мәселесіне келсек, оның Каспийге келетін судың 80 пайызын қамтамасыз етіп отырғанын ескеру керек. Сондықтан біз Ресей тарапына Еділ суын бірлесіп басқару жөнінде жұмыс тобын құруды ұсынамыз. Кейінгі жұмыстар осы топ арқылы үйлестіріледі, - деді вице-министр.

Болат Бекнияздың айтуынша, бұл ұсыныс 2025 жылдың үшінші тоқсанына дейін дайындалып, Ресеймен өтетін кезекті бірлескен отырыста таныстырылады.

- Мұндай бастаманы іске асыру үшін алдымен тиісті заңнамалық негіз қажет. Жылдың үшінші тоқсанында өтетін Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының отырысында ұсынысымызды ресми түрде жариялаймыз. Кейін ресейлік тараптың жауабын күтеміз, - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу