Қазақстан Ресейге Каспий теңізін пайдалану мерзімін ұзартты

735

Қазақстан Ресейге Каспий теңізін пайдалану мерзімін ұзартты

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысты. Форумның қорытындысы бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісім Хаттамасына қосымша хаттамаға қол қойылды.

Аталмыш хаттама "Құрманғазы" жобасы бойынша келісімшарттағы  аумақты  ұлғайтуды қарастырады. Яғни, операторға алты жылға қосымша барлау мерзімі беріліп, осы мерзім аяқталғаннан кейін тағы төрт жылға ұзартуға мүмкіндік жасайды.  

"Құрманғазы" жобасы бойынша өкілетті ұйым болып "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жүз пайыз еншілес компаниясы - "МНК "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС (50%) мен "Роснефть" ҰК АҚ (50%) табылады. Кен орны Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан. 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының жұмыс істеуі туралы келісім жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу