Қазақстан Ресейге Қырғызстанның сүт және ет өнімдері транзитіне тыйым салған емес

812

Қазақстан Ресейге Қырғызстанның сүт және ет өнімдері транзитіне тыйым салған емес

Қазақстан Ресейге Қырғызстанның сүт және ет өнімдері транзитіне тыйым салған емес. Бұл туралы дүйсенбі күні баспасөз жиынында Қырғызстанның вице-премьер-министрі Олег Панкратов мәлім етті, деп хабарлайды КирТаг.

"Қырғызстан экспорттайтын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын. Тек Қазақстан ғана  мазасыздық танытып, нақты жағдайды мойындауға дайын емес.  Қырғызстан үшін Ресей негізгі сауда нарығы  екенін ескерсек, РФ-ға  Қазақстан арқылы транзит мәселесі көлденең шығып отыр. 2016  жылдың желтоқсанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі транзит қамтамасыз етілетінін айтқан болатын. Алайда қаңтарда Қазақтанның ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарынан транзит ережесі түсіндірілген хат алдық", – деді О.Панкратов.
Оның айтуынша,  қырғыздың ветеринарлық қауіпсіздік қызметі одақтас елдер аудиті бойынша үлкен жұмыс атқарған.
"Үш ел үлкен жұмыс атқарды және оң тенденцияларды атап өтті. Осыдан соң біз Қазақстанға транзит қаншалықты іске асатындығы туралы ресми хат жолдадық және СІМ арқылы  транзиттің жүзеге асатындығы туралы жауап алдық", – деп атап өтті О.Панкратов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу