Қазақстан Ресейге параллель импортты шектеуді жоспарлап отыр

723

Бұл жоба сәуірден бастап күшіне енеді.   

Қазақстан Ресейге параллель импортты шектеуді жоспарлап отыр Фото: ТАСС

Қазақстан транзит кезінде санкцияларды айналып өтуге жол бермеу үшін тауарларды қадағалай бастайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz FT газетіне сілтеме жасап.

1 сәуірден бастап Қазақстанда Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуге жол бермей, "нақты уақыт режимінде тауарлардың шекарадан шекараға өтуінің барлық тізбегін бақылауға мүмкіндік беретін" елден әкелінетін және әкетілетін өнімдерді есепке алу жүйесі іске қосылады.

"Біз о баста салынып жатқан санкцияларды халықаралық саяси құрал ретінде пайдалануды қолдамайтынымызды, дегенмен оларды айналып өту не бұзу шараларына қолдау білдірмейтінімізді ашық айттық", - деді портал сұхбатшысы.

Шенеунік Қазақстан қайталама санкциялармен байланысты барлық тәуекелдерді түсінетінін, республика барлық серіктестермен сауданы мұқият қадағалайтынын атап өтті.

"Күдікті деп танылған сауда операциялары мұқият тексеріліп, қажет болған жағдайда әкімшілік шаралар қабылданады", — деп қосты шенеунік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу