Бұл туралы Жогорку Кеңеш отырысында Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров айтты, деп жазады inbusiness.kz www.akchabar.kg порталына сілтеме жасап.
Ақылбек Жапаровтың сөзінше, егер транзит мәселесі шешілсе, техникалық мәселелерді реттеуге және ЖЭО-ны газға көшіруге үкіметке үш күн жеткілікті.
"Біз жылу электр орталығын газға ауыстыру бағытында барлық жұмысты жүргіздік. Алексей Миллермен (ред. – "Газпром" ЖАҚ Басқарма төрағасы) келісім бар. Алайда Қазақстан 550 текше метрді тасымалдай алмайды, себебі Алматы маңында 30 жылдан аса уақыт жұмыс істеп тұрған бір ғана газ құбыры бар", - Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің басшысы.