Қазақстан Ресеймен бірлесіп елдегі су тапшылығы мәселесін шешпек

368

Су ресурстарына байланысты жаңа кодекс әзірленіп жатыр.

Қазақстан Ресеймен бірлесіп елдегі су тапшылығы мәселесін шешпек Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның су секторын жаңғыртуға бағытталған шараларға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Жаңадан 20 су қоймасын салып, кем дегенде 15 су қоймасын реконструкциялау, сондай-ақ 3500 шақырымнан астам каналды жаңғырту және цифрландыру жоспарланып отыр. Бұл шаралар 2027 жылға қарай қосымша 2 текше километрге жуық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, - деді Президент.

Оның айтуынша, елімізде су ресурстарының тапшылығын азайтуға бағытталған жаңа Су кодексі әзірленіп жатыр.

“Ресеймен бірге Жайық, Ертіс секілді ірі өзендердің бассейіндерінде зерттеу жүргізу жөніндегі ынтымақтастықты жандандыру үшін Бірыңғай жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Мұндай күрделі проблеманы шешуге бір ғана елдің күш-жігері жетпейді. Бұл мәселені мүдделер теңгерімін сақтап, бірлесе әрекет ету арқылы шешу қажет. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің Ресеймен стратегиялық серіктестік қарым-қатынасымыз екі ел халықтарының мүддесі жолында су ресурстарын бірлесе тиімді пайдалануға қатысты теңгерімді тәсілдің кепілі болатынына сенімдімін”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу