Қазақстан Ресеймен одақтастық қатынастарға басымдық береді – Президент

742

Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік дипломатияның мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.  

Қазақстан Ресеймен одақтастық қатынастарға басымдық береді – Президент

Қазақстан Ресей Федерациясымен достық және одақтастық қатынас орнатуға басымдық береді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесу барысында осылай деді, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

"Біз сіздің қос ел арасындағы стратегиялық серіктестікті, одақтастық қатынастарды дамыту мен нығайтуға қосқан жеке үлесіңізді жоғары бағалаймыз", – деді Мемлекет басшысы РФ Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесуде.

Әңгіме барысында ол парламенттік дипломатияның мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Бұл Қазақстан мен Ресей Федерациясының ынтымақтастығына толықтай қатысты. Біз үшін достық, ынтымақтастық, одақтастық қатынастар алдыңғы қатарда немесе қазіргі кездегідей айтқанда, басымдыққа ие", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу