Қазақстан Ресеймен шекараны демаркация бойынша 124 отырыс өткізді

705

19-23 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz. СІМ-ге сілтеме жасап.

Қазақстан Ресеймен шекараны демаркация бойынша 124 отырыс өткізді

"Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды жалғастырды. Комиссияның 2022 жылғы жұмысын қорытындылады, сондай-ақ Комиссияның 2023 жылға арналған жұмысының жоспар-кестесін бекітті", - делінген министрлік хабарламасында.

Комиссияның келесі отырысы 2023 жылғы қаңтар айының соңында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу