Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік туралы келісімді орындауға ниетті - Нұрсұлтан Назарбаев

936

Елбасы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.  

Қазақстан Ресеймен стратегиялық серіктестік туралы келісімді орындауға ниетті - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан қашанда Ресеймен стратегиялық серіктестік туралы келісімдерді орындауға дайын, өндірістік ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстанға" сілтеме жасап. 

"Менің ойымша, ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық барлық басқа мемлекеттерге үлгі болып саналады. Одақ ыдырағаннан бері 30 жыл ішінде бізде ешқашан келіспеушіліктер, жанжалдар болған жоқ, себебі Қазақстан әрқашан Ресейдің жанында болуға және біздің стратегиялық серіктестік туралы келісімдерді орындауға ниетті. Бұл екі мемлекеттің де мүддесіне сәйкес келеді", – деді Елбасы Нұр-Сұлтанда өткен Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуі барысында. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Ресей Федерациясы коронавируспен күрес мәселелерін өз деңгейінде шешуде.

"Жақында біз Владимир Путинмен кездестік, әңгімелестік. Біз бұрынғыдай жұмыс жасай береміз", – деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Ол сондай -ақ Қазақстан Ресей Федерациясымен "барлық салада өндірістік кооперацияның дамуына мүдделі" екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу