Қазақстан ресми түрде тазы тұқымының иесі ретінде мойындалды

319

Тазы тұқымы ресми түрде танылды. Оның бекітілген стандарты, шығу тегі көрсетілген елі және халықаралық болашағы бар.  

Қазақстан ресми түрде тазы тұқымының иесі ретінде мойындалды Фото: ortcom.kz

Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) тарихи шешім қабылдап, қазақтың тазы итін дербес тұқым ретінде таныды және Қазақстанды осы тұқымның ресми иесі ретінде бекітті, деп жазады inbusiness.kz сайты DKNews.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақ дәстүрінде тазы үйдің басты құндылықтарының қатарында болған. Оны кез келген адамға сата салмаған, сән үшін асырамаған. Тазы тұрмыс-тіршіліктің, көшпелі өмір салтының ажырамас бөлігі еді.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің іс басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырған болатын. 

2022 жылдан бастап бұл тапсырма ҚР Президенті Іс басқармасының қарауына берілді. Өкілетті орган ретінде Экология және табиғи ресурстар министрлігі жауапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу