Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында алғашқы консулдық консультациялар өтті

427

Екі ел консулдық салада "сағат теңестірді" 

Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында алғашқы консулдық консультациялар өтті Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында алғашқы консулдық консультациялар өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, ал Черногорияның делегациясын Сыртқы істер министрлігінің Консулдық істер және эмиграцияға әрекеттестік бас директорының міндетін атқарушы Станица Попович бастады.

"Келіссөздер барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты қатынастардың бірқатар мәселелерін талқылады. Соның ішінде Қазақстан мен Черногория арасындағы нормативті-құқықтық шарттар базасын ұлғайту, миграция және реадмиссия мәселелері көтерілді", - делінген хабарламада.

Консультациялар нәтижесі бойынша екі мемлекет арасында консулдық саладағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға уағдаластық орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу