Қазақстан Республикасында 5 мыңнан астам сарбаз несиелік демалыс алды

302

Жалпы сома шамамен 2 млрд теңгені құрайды. 

Қазақстан Республикасында 5 мыңнан астам сарбаз несиелік демалыс алды Фото: inbusiness.kz

Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында мерзімді әскери қызметшілерге банктік несиелер мен шағын несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды қамтамасыз ету тәжірибесі қазірдің өзінде қалыптасқан. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі кезде 5 мыңнан астам сарбаздың 1 млрд 875 млн теңге несиесі кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта, банктер мен микрокредиттік ұйымдарда 1,6 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық әскери қызметшінің өтініштері қаралу үстінде.

Бұдан бөлек, қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы заң жүзінде бекітуді және мүдделі ұйымдардың бірлескен техникалық шешімін талап етеді. Қорғаныс министрлігінің сарбаздары үшін әлеуметтік қолдау шараларын заң тұрғысында реттеу мақсатында "Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы" ҚР Заңына 50-1-бапты енгізуге бастамашы болды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. Бұдан басқа, Қорғаныс министрлігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне "Банктер және банк қызметі туралы" ҚР Заңының 34-бабына және "Микроқаржылық қызметі туралы" ҚР Заңының 7-бабының 2-тармағына толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарын білдірді. Негізгі қарыз бен сыйақы бойынша, төлемді кейінге қалдыру тәртібін белгілейтін нормаларға қорғаныс ведомствосы сарбаздардан басқа қарыз алушылар қатарына әскери жиындарға шақырылған азаматтарды да қосуды ұсынып отыр.

"Несиені кейінге қалдыру әскери жиындағы бүкіл кезеңге беріледі деп күтілуде. Бұл ретте мәлімет алмасу мүдделі органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Процестерді автоматтандыру үшін Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-мен бірлесіп проактивті форматта өзара іс-қимыл алгоритмін әзірледі", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, кредиттік демалыстарды автоматты (проактивті) түрде беру жөніндегі пилоттық жоба 2024 жылы іске қосылатын болады. Жыл соңына дейін запасқа шығарылған адамдардың несиелік демалысын тоқтату алгоритмі сияқты, мұнда да әскерге шақыру күнінің орнына әскери қызметтен босату күні беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу