ҚР Үкіметінің қаулысымен Местоев Ахмед Якупович өз еркімен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.
А.Я.Местоев Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қазандағы № 1328 Қаулысымен аталған қызметке тағайындалған еді.
Ол бұған дейін Қазақ тұтынушылар одағы жүйесінде қатардағы маман қызметінен бастап басқармасы төрағасының орынбасары лауазымы аралығындағы қызметтерді атқарған. Одан кейін Қазақстан Республикасының Швейцариялық Конфедерациядағы (Женева) сауда өкілі, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілі, Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасының Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі қызметтерін атқарған болатын.