Қазақстан робототехника саласында халықаралық әріптестікті нығайтып жатыр

62

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қытайдың IIMT (Jiangsu Jitri Intelligent Manufacturing Technology Research Institute) компаниясының бас директоры, профессор Ло Минчжоумен кездесу өткізді.  

Қазақстан робототехника саласында халықаралық әріптестікті нығайтып жатыр Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Кездесу барысында министр ведомствоның жұмысы туралы жан-жақты ақпарат беріп, Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші академиялық орталық ретіндегі рөлін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ол еліміздің ғылымды дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жоғары білімді жаңғырту арқылы өз позициясын нығайтып келе жатқанын жеткізді.

Тараптар робототехника мен интеллектуалды өндіріс саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларын дамыту мәселелерін талқылады. IIMT компаниясы қазақстандық техникалық жоғары оқу орындарымен оқу-зертханалық орталықтар құру, тағылымдамалар ұйымдастыру және оқытушылар мен студенттерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыру бағытында ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан университеттері мен ғылыми ұйымдарымен алдағы кездесулерге дайындық мәселелері қарастырылды. Олар серіктестік байланыстар орнатуға, бірлескен академиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға және робототехника саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мұндай ынтымақтастық Қазақстанның технологиялық дамуына, сондай-ақ білім мен ғылымның өнеркәсіп қажеттіліктерімен ықпалдасуына ықпал ететінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу