Қазақстан Рохинджа мұсылмандарына көмек береді

777

Қазақстан Рохинджа мұсылмандарына көмек береді

Қазақстан Мьянмадан Бангладешке қашқан Рохинджа мұсылмандарына 500 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек береді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 25 желтоқсанда қол қойған үкіметтің сәйкес қаулысы қол қойылған күннен бастап жүзеге асады.

Қаулы бойынша қаржы министрлігі үкіметтің төтенше жағдайлар қорынан сыртқы істер министрлігіне ұлттық валютамен алғанда 500 мың долларға баланатын қаржыны Рохинджа мұсылмандарына гуманитарлық көмек үшін бөлуі керек.

Ал сыртқы істер министрлігі бекітілген заң аясында көрсетілген қаражатты арнайы шотқа аудару тапсырылды.

БҰҰ мәліметтері бойынша, Мьянмадан Бангладешке қашқан босқындардың саны - 700-800 мың арасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу