Қазақстан сабаннан электр қуатын өндірмек

598

Қазақстан сабаннан электр қуатын өндірмек

Вице-премьер – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қытайдың Macau Legend Development Ltd компаниясының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Қытайлық компания Қазақстан жерінде құны 300 млн долларлық сабанды қайта өңдеу кәсіпорнын құрмақшы. Бұл кәсіпорынды салуға 500-ге жуық Қазақстан азаматы тартылады. Бүкіл қаражатты Қытай компаниясы инвестициялайды.

Кәсіпорын жылына 10 млн тонна сұйық және қатты органикалық тыңайтқыш өңдейді.

Сонымен қоса, зауыт 5 мың куб метр метан газын өндірсе, Қытай, Еуропа елдеріне 120 млн кВт электр қуатын, 70 мың тонна биологиялық лигнинді экспорттауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, зауыт күнделікті 20 мың тонна сапалы қағаз өңдеуге қажетті целлюлоза шикізатын шығара алады.

Компанияның Қазақстанға қойып отырған талабы – жылына 500 мың тонна шикізатпен, яғни сабанмен қамтамасыз ету.

Биологиялық лигнин – көптеген кәсіпорын мен медицинада қолданылатын бағалы химиялық шикізат.

Айта кетейік, Асқар Мырзахметов жақында Қытайға жұмыс сапарымен барып, бірнеше келісімге қол жеткізіп, бизнес қауымдастық өкілдерімен кездескен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу