Қазақстан сәбізді экспорттауға уақытша тыйым салады

184

Бұл бастама елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге аспақ.

Қазақстан сәбізді экспорттауға уақытша тыйым салады Фото: gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан сәбіз экспорттауға тыйым салып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

"Транзитті қоспағанда, Қазақстаннан көліктің барлық түрлерімен үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне сәбізді экспорттауға 3 ай мерзімге уақытша тыйым салу белгіленеді", – деп жазылған жобада.

Құжатта бұйрықты әзірлеуге сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негіз болғаны атап өтілген.

Айта кетейік, ҚР Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімін кеңейтуді ұсынды. Министрлік тізімге енгізуге ұсыныс жасаған тауарлардың қатарында сәбіз де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу