Ерекше атап көрсетерлігі, еліміздің 3 садақшысы Қазақстан атынан Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Биыл Олимпиада бағдарламасына спорттық құзға өрмелеу мен каратэ енді.
Біздің спортшылар аты аталған спорт түрлерінен де алғаш рет бақ сынайды.
Су добынан ерлер құрамасы Қазақстан атынан топтық ойынға қатысатын жалғыз команда. Бокстан ерлер командасы 8 салмақ дәрежесінде, яғни барлық салмақта өнер көрсетеді.
Айтпақшы бізде жүзуден 3 жолдама бар. Оның екеуін іріктеу кезеңінде Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жеңіп алған.
Қанат Махамбет