Бүгін яғни, 17 қараша күні "Астана Арена" стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Сан-Марино құрамасы арасында матч өтеді. Осыған орай арнайы шаттл-автобустары қатынайды, деп жазады inbusiness.kz сайты елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сондай-ақ, жанкүйерлердің ыңғайлылығы үшін және жолдарда көлік кептелісін азайту мақсатында Астананың 5 тұрақ торабынан сағат 19:30-да арнайы шаттл-автобустары жүреді:
- "Астаналық цирк" автотұрағы;
- "Қазақстан" СК автотұрағы;
- "Әзірет Сұлтан" мешітінің тұрағы;
- "Әбу Насыр Әл-Фараби" мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- "Жастар" сарайы тұрағы.
Ойын аяқталғаннан кейін футбол жанкүйерлері сондай-ақ, қосымша №№ 10, 12, 21, 26, 27, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және № 303 қала маңы бағдарларымен кете алады. Автобустар Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамаларда күтеді.
Футбол матчын өткізу кезінде барлық автокөлік жүргізушілерін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз.
Жолақысы – 90 теңге. Жолақысын көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы төлеуге болады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.