Садақ атудан жолдамаға таласатын жалғыз спортшы қалды

842

Садақ атудан лицензиялық Азия чемпионатында жолдама алуға тек Банновада ғана мүмкіндік қалды.

Садақ атудан жолдамаға таласатын жалғыз спортшы қалды

Тайландтың Бангкок қаласында садақ атудан лицензиялық Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан сапынан жолдамаға таласатын жалғыз спортшы қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстанның ерлер командасы жолдама мәселесін Голландияда өткен әлем біріншілігінде шешіп қойды. Денис Ганькин, Санжар Мұсаев және Ильфат Абдуллин үштігі әлемдік додадан алтыншы орын иеленіп, Токио ойындарына командалық және жекелей сында жолдама иеленді. 

Ал Азия чемпионатында қыздар командасы жолдама алуға тырысуда. Өкінішке қарай, классикалық садақ атудан сынға түскен Алина Ильясова 4:6 есебімен малайзиялық спортшыға есе жіберді. Фарида Түкебаева 5:6 есебімен өз командаласы Анастасия Банновадан ұтылды. Осылайша, жолдама алатын мүмкіндік тек Банновада бар. Әзірге лицензиялық турнир жеңімпазы мен жолдама иегері анықталған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу