Қазақстан сатып алған Әзербайжан құнды қағаздарының қолданылу мерзімі ұзартылды

766

Қазақстан сатып алған Әзербайжан құнды қағаздарының қолданылу мерзімі ұзартылды

Қазақстан сатып алған Әзербайжан бағалы қағаздарының қолданылу мерзімі 10 жылдан 15 жылға дейін созылды. Ол қарызды толығымен өтеуге кепілдік береді. Бұл туралы "Астана" Халықаралық қаржы орталығының менеджері Қайрат Келімбетов хабарлады, деп жазады 7kun.kz.

"Үш ай бойы Әзербайжан Халықаралық Банкінің БЖЗҚ-дағы қарызын қайта қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізілді. Олар 250 млн доллар негізгі қарызды өтеуге келісті. Пайыздық мөлшерлеме төмендеді. Алайда, халықаралық банк қағаздары Қаржы министрлігіне ауысты. Демек, Қағаздар қарыздың өтелуіне 100 пайыз кепіл болады. Құжат мерзімі — 15 жыл. Бұл іс жүзінде инвестициялардың табысына кепілдік береді. Оған өте нақты дәлел де бар", — деп атап өтті орталық менеджері.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде қағаздар техникалық түрде алмасты. Одан әрі бақылау Ұлттық банк пен БЖЗҚ-ның міндеті.

"Инвестицияланған ақшалар толық қайтарылады. Бұрын бағалы қағаздар мерзімі 10 жыл болса, қазір 15 жылға ұзартылды. Олар үнемі кіріс әкеліп отырады. Сонымен қатар, 40 миллион доллар облигация түрінде төленді. Шындығында жағдай қалыпты, алаңдауға себеп жоқ", — деп сендірді Келімбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу