Қазақстан Саудияның 500 миллиард доллар тұратын мега-жобасына қатысуы мүмкін

721

Қазақстан Саудияның 500 миллиард доллар тұратын мега-жобасына қатысуы мүмкін

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандық бизнес қауымдастықты Саудияның мега-жобасына белсенді тартылуға шақырды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Қазақстандық бизнестің әлем бойынша, соның ішінде, әсіресе, азиялық елдердегі ірі жобаларға қатысуын ілгерілетуіміз маңызды міндет-мұрат болып табылады. Атап айтқанда, отандық құрылыс және жол салушы компаниялар Азия мен Таяу Шығыс елдеріндегі инфрақұрылымдық және құрылыс жобаларын жүзеге асыруға белсенді атсалыса алады. Біз жақсы білеміз, Қазақстанда жол құрылысы секторындағы жобаларды көптеген шетелдік компаниялар іске асыруда. Ендеше неге біздің компанияларға шет елдердегі табысы мол жобаларға қатыспасқа?! Олар Сауд Арабиясының жалпы құны 500 миллиард доллар тұратын мега-жобасына да араласулары қажет. 500 миллиард доллар дегеніміз – ғаламат қаражат. Демек, бұл бағытта құрылыс компанияларын кең ауқымды жұмыс өрісі күтіп тұр", – деді депутат.

Айта кетсек, жақында Саудияның тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман әл-Сауд патшалықта 2030 жылға дейін әлемдегі ең озық инновациялық қала бой көтеретіні жайлы жариялаған еді. Әлемдік өркениеттердің тоғысар жеріне айналуға тиіс бұл Неом қаласының құрылысына саудиялықтар 500 миллиард доллардан астам инвестиция құюға ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу