Қазақстан сәуір айында Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жөнелтеді

671

Бір жылда 300 мың тонна мұнай жіберу жоспарланып отыр.  

Қазақстан сәуір айында Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жөнелтеді Фото: oilcapital.ru

Биыл сәуірде Қазақстан Германияға тағы 20 мың тонна жібереді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2023 жылы сәуірде Қазақстан Германияға тағы 20 мың тонна жібереді. Келісім бойынша жалпы 300 мың тонна жіберуіміз керек. Орташа есеппен айына 20 мың тонна мұнай жібереміз", - деді Болат Ақшолақов Үкімет отырысының кулуарында.

Мұнай "Достық" құбыры арқылы жіберіледі.

Айта кетейік, Қазақстан мұнайының шамамен 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы экспортқа шығарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу