Қазақстан сәулетшілер одағының президенті: Салынып жатқан көп қабатты үйлер көңілден шықпайды

565

Қызылорда, Шымкент, Таразда Қала құрылысы кеңестері құрылады.

Қазақстан сәулетшілер одағының президенті: Салынып жатқан көп қабатты үйлер көңілден шықпайды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан сәулетшілер одағының президенті Серік Сұлтанғали мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Иә, біздің азаматтарға баспана қажет. Әсіресе, эконом санатындағы тұрғын үйлер. Қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы. Бірақ ешбір сараптамадан өтпестен салынып жатқан жобалар көңілден шықпайды. Мен Шымкентте болдым, не қала сәулетіне, не ауылға жараспайтын көп қабатты үйлерді көрдім. Бір сөзбен айтқанда, бұл көбірек үй салып, барынша ақша тауып қалудың амалына ұқсайды. Сондықтан Алматыда Қала құрылысы кеңесін құрдық. Енді басқа өңірлерде Қызылорда, Шымкент, Тараз кейінірек Павлодар, Петропавловскта құру жоспарланған. Бұл кеңестер әкімдіктер жанында жұмыс істейді. Әр жобаны қарауға Қазақстан сәулетшілер одағының мүшелері қатысады",  – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу