Қазақстан саясатындағы жаңа кезең: партиялар басшылығы жаңарды

380

Қазақстанның саяси кеңістігінде партиялық жаңғыру үдерісі байқала бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстан саясатындағы жаңа кезең: партиялар басшылығы жаңарды Фото: sotreport.kz

Партиялардың басшылығы мен тізімдеріндегі өзгерістер ұзақ жылдар бойы саясат сахнасында жүрген тұлғалардың орнын жаңа буын өкілдері алмастырып жатқанын көрсетеді.

Соңғы өзгерістердің бірі – "Ақ жол" демократиялық партиясын шамамен 15 жыл басқарған Азат Перуашевтың партия төрағасы қызметінен кетуі. Сондай-ақ, Қазақстан халық партиясының басшысы болған Ермұхамет Ертісбаев та өз өкілеттігін тоқтатты.

Саяси сарапшылардың пікірінше, мұндай кадрлық ауыс-түйістер партиялардың жаңару үрдісін аңғартқанымен, оның саяси жүйеге нақты қандай өзгеріс әкелетіні уақыт еншісінде.

Ендігі басты сұрақ – бұл өзгерістер партиялардың ішкі мазмұны мен саяси бағытын жаңарта ма, әлде әзірге тек басшылық құрамының ауысуымен ғана шектеле ме?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу