Қазақстан сейсмологтары Тәжікстандағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді

850

Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 723 шақырым жерде Тәжікстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inbusiness.kz "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС ресми сайтына сілтеме жасап

Қазақстан сейсмологтары Тәжікстандағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді

“ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2023 жылғы 23 наурызда Алматы уақытымен сағат 08:53-те (Гринвич бойынша сағат 02:53) жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 723 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан”, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 11.5. 

“MPV магнитудасы – 5.1. Эпицентрдің координаттары – 39.39° с.е. 69.91° ш.б. Тереңдігі – 15 км. MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілуі туралы ақпарат жоқ”, - делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу