Қорғаныс министрлігі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаулы жобасы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы ҚР Заңы 5-бабының 2-тармағына және 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Келісім қорғаныс саясаты мен қауіпсіздігі, әскери білім беру және әскери қызметшілерді кәсіптік даярлау, тылдық қамтамасыз ету, әскери медицина, жауынгерлік даярлық сияқты салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыруға, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға байланысты мәселелер бойынша және басқа да өзара келісілген салалар бойынша консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.