"Қазмедиа" орталығында ҚР АКМ басшысы Дәурен Абаев пен Аргентина бұқаралық ақпарат құралдарының федералды жүйесі және қоғамдық пікір министрі Эрнан Ломбарди телевизия саласындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды деп, хабарлайды Today.kz.
Келісім мүдделес екі елдің бейнеконтент алмасып, жаңалықтармен бөлісуіне жол ашады. Аргентиналық тарап отандық фильм, сериалдарға қызығушылық танытып отыр.
Алыстан ат арытып келген делегация мүшелері "Қазмедиа" орталығының қызметімен танысты. Шетелдік қонақтарға автоматты жүйеде тәулік бойы ақпарат тарататын "Хабар 24" арнасының заманауи студиясының мүмкіндіктері көрсетілді. Сонымен қатар "Хабар" агенттігінің таныстырылымы болды.
Эрнан Ломбардидің айтуынша, ол Қазақстанға келіп, Аргентина президентін таныстырып жүргендігіне қуанышты екендігін жеткізді.
"Министр Дәурен Абаевпен қол қойған меморандум – соңғы айларда бірлесе атқарған жұмысымыздың жемісі. Меніңше, екі елдің де бір-бірінен үйренері көп. Құжат телевизия саласында еркін ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алдағы уақытта журналистерді дайындау жағынан да тығыз байланыс орнатамыз", - деді Эрнан Ломбарди.