Қазақстанда шахмат жоғары деңгейде дамып келеді, соның ішінде балалар арасында. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қазақстан шахмат федерациясы" РҚБ вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтты.
"Біз олардың жетістіктеріне өте қуаныштымыз. Балалар мен жасөспірімдер құрамасы әлемдегі ең үздік командалардың бірі. Қазір жаңа буын өсіп келеді. Әлем және Азия чемпионаттарында 40-тан астам бала медаль жеңіп алды. Қазақстанда балалар арасында ірі шара өткізу дамуға жаңа серпін береді", - деді Дәрмен Сәдуақасов.
Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан Нидерланд елімен Дүниежүзілік балалар шахмат олимпиадасын өткізу құқығы үшін таласуда.
Еске сала кетсек, жуырда ғана Алматы қаласында шахмат блиц түрінен әлем чемпионаты өтті.