"Қазақстан" шахтасы аумағында болған кенші өліміне қатысты тергеу басталды

533

Қарағандыдағы "Қазақстан" шахтасы аумағында болған кенші өліміне қатысты іс полицияда тіркеуге алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Қазақстан" шахтасы аумағында болған кенші өліміне қатысты тергеу басталды Фото: inbusiness.kz

Жұмысшының мәйіті трансформатордың жанынан кеше табылған. 24 жастағы жігіттің нақты қандай жағдайда қаза болғаны әзірге белгісіз.

Компания бұл туралы ақпарат беруге асығар емес. Шахта басшылығы жұмыс кестесіне сәйкес 6 қараша – марқұм кеншінің демалыс күні болғанын ғана жариялады. Қазір жұмбақ өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. Полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті.

Еске салайық, 3 қарашада Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтада газ жарылысы болып, 5 адам қаза тапқан еді. Тағы 4 кенші ауруханаға түскен.

"6 қараша күні Қазақстан шахтасының ортасында орналасқан тоқ трансформатының жанында 24 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Қортындысы бойынша нақты процессуалды шешім қабылданатын болады", - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу