"Қазақстан" шахтасы қасақана өртелгені рас па?

1326

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазақстан" шахтасы қасақана өртелгені рас па? Фото: gov.kz

Әлеуметтік желілерде Қарағанды ​​облысының полиция департаментіне сілтеме жасап, "Қазақстан" шахтасындағы өрт қасақана болуы мүмкін деген ақпарат пайда тарады, Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды", деп хабарлады Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер атап өткендей, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, өрттің шығу себебін анықтайтын тиісті сараптамалар тағайындалды.

"Облыс тұрғындарын ықтимал қауесеттер мен арандатушылықтарға берілмеуді, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі бар", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 17 тамыз күні Қарағанды облысындағы 227 кеншісі бар "Казахстанская" шахтасы өртенген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу