"Қазақстан" шахтасынан жүзден астам жұмысшы шұғыл шығарылды

360

Авария туралы хабарланған бойда төтенше жағдайды жою жөнінде жоспар енгізілді.

"Қазақстан" шахтасынан жүзден астам жұмысшы шұғыл шығарылды Фото: nashural.ru

"Қазақстан" шахтасында 17 тамызда болған өрт орнында жұмыстар жүргізіп жатқан жұмысшылар бүгін шұғыл түрде жер бетіне көтерілді. Эвакуация жариялауға оқиға орнында температураның шамадан тыс көтерілуі себеп болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

АрселорМиттал Теміртау АҚ-ның мәліметінше, 2023 жылғы 17 тамызда "Қазақстан" кенішінде болған апаттан кейін апатты аймаққа (D6 қабатының көмір еңісі) іргелес жатқан ескі қазбаларға және бөгетшелерге тексеру жүргізіліп жатқан.

2003 жылы салынған №С14 бөгетшені тексеру барысында жаңа оқшаулағыш бөгетшені орнату шешімі қабылданған.

"11 қазанда жаңа оқшаулағыш бөгетшенің құрылысына дайындық бойынша техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің (КӘАҚҚ) сарбаздары массаның қызып жатқанын анықтады. Ол ескі бөгетшенің аузынан оқшауланған кеңістіктен 50 метр жерде орналасқан. Аталған авария туралы хабарланған бойда төтенше жағдайды жою жөнінде жоспар енгізілді. Шахтада 106 адам болды. Сағат 13:50-де барлық жұмысшылар жер бетіне шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Тексеру жүргізу үшін шахтаға КӘАҚҚ-нің қосымша 2 бөлімшесі жетті", – делінген хабарламада.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында өрт 17 тамыз күні шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу