"Қазақстан" шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда

454

ТЖ байланысты шахтада жедел штаб құрылды. 

"Қазақстан" шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасында құтқарушылар екі адамның денесін тапты. Қалған үш адам іздестірілуде. Өртті оқшаулау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

"Түні бойы төрт бөлімшенің күшімен Д6 қабатының конвейерлік көмір беткейінде өрт шыққан кезде шықпаған кеншілерді іздеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ өртті сөндіру бойынша іс-шаралар өткізілді. Тау-кен қазбалары апатты жағдайға іргелес төрт бағыт бойынша зерттелді. Сағат 08:15-те тау-кен құтқару бөлімшелерінің күшімен екінші адамның денесі табылды. Қазір мәйітті беру шаралары жүргізілуде", деп түсіндірді "РЦШ ПВАСС" ЖШС Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша жұмыс жалғасуда, құтқарушылар авариялық өндірістен температураны түсірумен айналысып жатыр.

Д6 қабатының негізгі конвейерлік еңісінің жалпы ұзындығы – 1990 метр.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 11 кенші ауруханада. 

ТЖ байланысты шахтада жедел штаб құрылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді.

Еске салайық, "Қазақстан" шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамд жер бетіне жедел шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу