"Қазақстан" шахтасында екінші жұмысшының денесі табылды

472

Өзге жұмысшыларды іздеп-табу үшін 3 бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған.

"Қазақстан" шахтасында екінші жұмысшының денесі табылды Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында тағы бір жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Шахтада авариялық-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір мәйітті беру шаралары жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша 4 бөлімше жұмыс істеуде, олар авариялық өндірістен температураны түсірумен айналысып жатыр. Қалған жұмысшыларды іздеп-табу үшін тағы 3 бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған. Жұмысшыларымызды жедел іздеп-табуға барлық шара қабылданып жатыр", деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу