"Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөндірілуде

490

Үкімет комиссиясы жұмысын ұзартты.

"Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі сөндірілуде Фото: gov.kz

"Қазақстан" шахтасындағы өрт оқиғасын тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы тағы 10 күнге ұзартылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазір шахтаның апат болған учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп жатыр, көмекке 14 кенші жұмылдырылды.

Тоғыз бөгет тұрғызылды және олар 100% толтырылды, 3 бөгеттін құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Сонымен қатар өрт ошақтарын сөндіру жалғасуда.

Газ мөлшері бақылауға алынған. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды", деді ресми өкіл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу